Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша сотта тараптардың жарыссөзі жалғасады. Бүгін сотта айыпталушылардың қорғаушылары сөз сөйлейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының YouTube-тегі арнасында онлайн көрсетілуде.

Айта кетейік, кеше прокурор, жәбірленуші және жәбірленуші тараптың қорғаушылары сөз сөйлеген болатын.

Сотта прокурор Салтанат Нүкенованың өліміне әкелген гематоманың көлемін арнайы бөтелке мен пакетке сұйықтық құйып көрсетті.

Сондай-ақ адвокат Жанна Уразбахова жедел жәрдем шақырған кезде Бишімбаев айғайға басып, "жылағанын" алдын ала жоспарланған "қойылым" екенін айтты.

Жәбірленуші тараптың тағы бір адвокаты Дамир Ишмаметов айыпталушылар қыздың денесін мейрамханадан шығаруды жоспарлағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095160-eks-ministr-bishimbaevqa-qatysty-sot-otyrysy-bastaldy-onlain-transliatsiia/