Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вирус шашып жатыр деп айтыптауда": Атырауда көшеде ағаш дәрілеп жүргендер тұрғындарды шошытқан

Опубликовано:

дезинфекция жұмысы
Дезинфектор. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Атырау қаласының Балықшы мөлтек ауданынында түсірілген видео тарады. Тұрғындар арнайы киіммен жүрген белгісіз біреулер үйдің қасында вирус шашып жүр деп дүрлікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы парақшалардың бірінде пайда болған видеода Бейбітшілік даңғылының бір топ тұрғыны арнайы костюм киіп алып ағаштарды дәрілеп жүрген белгісіз адамдарды коронавирус таратып жатыр деп айыптаған. Тұрғындардың айқайынан кейін ер адамдар ол жерден кетуге мәжбүр болған.

Кейін белгісіз адамдардың "Дезинфекция" арнайы медициналық мекемесінің қызметкерлері екені анықталды. Бейнежазба түсірілген жерде мердігер компанияның қызметкерлері қарағай жапырағы қоңызына қарсы жоспарлы фитоөңдеу жүргізген.

"Сәуір айынан бастап жасыл желектерді фитоөңдеу басталды. Зиянкестер мен саңырауқұлақтардан қорғау бойынша жоспарлы шаралар Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына енгізілген. Олар "Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институты" ЖШС ұсынысы бойынша өткізіледі. Бұл жұмысқа осындай қызметке мемлекеттік лицензиясы бар мамандандырылған медициналық мекемесімен шарт жасалды. Арнайы мамандар сәуірдің басынан бері қаланың жасыл қорын сақтау және абаттандыру мақсатында жасыл алқаптарды механикаландырылған және қолмен жапырақ жейтін зиянкестерден биологиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Мамандардың айтуынша, қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбау үшін жұмыс түнде, кешкі 9-дан кейін таңғы 3-4-ке дейін жүргізіледі, сондай-ақ күн сәулесінің астында өңдеу жапырақтардың бетінің күйіп қалуы мүмкіндігіне әкеледі.

"Дезинфекцияға бельгиялық инсектицид Энжио 247 препаратын қолданып жатырмыз. Бұл препарат адамдар, жануарлар мен құстар үшін қауіпсіз. Процедура үш рет жасалады. Яғни бір рет көктемде және екі рет жаз айларында жасалады. Құрт-шіркейлерді улау қала көшелері мен саябақтарынан бөлек көпқабатты тұрғын үйлердің алдындағы ағаштарға да жүргізіледі. Алайда тұрғындар біздің мамандарды вирус шашып жатыр деп айыптауда", - дейді арнайы медициналық мекеменің бас инженері Роман Тлеугалиев.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095367-virus-shashyp-zhatyr-dep-aityptauda-atyrauda-koshede-agash-darilep-zhurgender-turgyndardy-shoshytqan/