Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінің тағдыры мен денсаулығы қызықтырмаған": қазақстандық әйел мұрасыз қалды

Опубликовано:

Мұңайып отырған әйел
Мұңайып отырған әйел. Көрнекі фото: pexels.com

Өскеменде марқұм ер адамның қызы мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған, сотқа мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінгенімен, ен нәтиже шықпаған. Бұл туралы ШҚО сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ШҚО соттары баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра қабылданады (ҚР АК 1072-2-бабының 1-тармағы).

Бұл ретте мұра қалдырушының қызы (бірінші кезектегі мұрагер) бұл норманы сақтамай, мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған. Сол себепті ол мұра қалдырушының әпкесіне (екінші кезектегі мұрагерге) мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Бойжеткеннің айтуынша, ол мұрагерлік мүліктің барын білмеген, сондықтан бұған дейін арызданбаған.

"Мұра қалдырушының әпкесі науқас ағасына күтім жасап, оған дәрі-дәрмек сатып алып бергенін, ал қызын әкесінің тағдыры мен денсаулығы қызықтырмағанын айтып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Ағасының жерлеу рәсімінің шығындары да жауапкерге түскен, талап қоюшы әкесінің қайтыс болғанын анық естігеніне қарамастан жерлеуге қатыспаған", - деп жазылған іс материалдарында.

Сот талқылауы барысында талап арыз жазған бойжеткен әкесі қайтыс болған уақытта және жерлеу рәсімі кезінде Өскеменде болғанын әрі әкесі қайтыс болғаннан кейін оның қандай да бір мүлкі барын біліп-білмегеніне қарамастан мұраны қабылдау туралы өтінішпен нотариусқа жүгінуге мүмкіндігі болғанын растады.

Сондай-ақ облыстық сот баспасөз қызметінің дерегінше, талап қоюшы аталған арызды беру тәртібі мен мерзімін анық білгені анықталған. Себебі 2021 жылы бойжеткеннің анасы қайтыс болғаннан кейін ол мұраны қабылдау үшін Өскеменге келген.

Талап қоюшы мұраны қабылдау туралы арыз беру (алты ай) мерзімін неліктен өткізіп алғанына байланысты себепті дәлелдер келтірмегені үшін сот талап арызды қанағаттандырмаған. Сондай-ақ судья бойжеткен мұрагерлік мүліктің барын білмегені дәйекті себеп бола алмайтынын айтты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095382-akesining-tagdyry-men-densaulygy-qyzyqtyrmagan-qazaqstandyq-aiel-murasyz-qaldy/

pixel