Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеке куәлік дизайнына өзгеріс енгізілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Жеке куәлік
Жеке куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда жеке куәліктің форматына өзгерістер енгізу жоспарлануда: құжатқа бірнеше жаңа баған қосылуы мүмкін. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағына "жынысы" бағанасын қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар бұрынғыдай азаматтың суреті, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және ЖСН болады.

ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны
ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны. Фото : ҚР ІІМ

Сыртқы жағында енді штрих-код түрінде кодталған ЖСН, сондай-ақ тұлғаның азаматтығы туралы ақпарат болады. Бұл деректер құжаттың жоғарғы жағында орналасады деп жоспарланып отыр.

ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны
ҚР азаматының жеке куәлігінің жаңартылған дизайны. Фото: ҚР ІІМ

Бұйрық жобасы 21 мамырға дейін қоғамдық жария талқылауда болады, ал жаңа ережелер 1 маусымнан бастап күшіне енеді деп жоспарлануда.

Түсіндірме жазбада хабарланғандай, осы бұйрықты қабылдаудың мақсаты – жеке куәліктің көрнекі аймағына оның иесінің жынысы мен азаматтығы туралы қосымша мәліметтерді енгізу.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Оның аумағында тұрақты тұратын ҚР барлық азаматтарының жеке куәлігі болуы міндетті. Жеке куәлік 10 жылға беріледі.

ҚР азаматтарының жеке куәлігінсіз немесе жарамсыз жеке куәлігі бойынша не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз 10 күннен 1 айға дейінгі мерзімде тұруы ескертуге әкеп соғады, осы мерзім өткеннен кейін азамат ҚР ӘҚБтК 492-бабының 2-бөлігі бойынша 7 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұқсас құқық бұзушылық 13 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 3-бөлігі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095445-qazaqstanda-zheke-kualik-dizainyna-ozgeris-engizilu-zhosparlanuda/