"Жылқышылар көз жазып қалған": БҚО-да бір үйір жылқа суға батып кете жаздады (видео)
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысында бір үйір жылқы суға батып кете жаздады. Жайылым кезінде жылқышылар жануарлардан көз жазып қалған, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы арнасында.
ТЖМ мәліметінше, Ақжайық ауданында жайылып жүрген жылқылар Жайық өзенінде су құрсауында қалып қойған. Дер кезінде келген құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды құтқарып, қауіпсіз жерге айдап шығарған.
Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын құтқарылған.
Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан, оларды қайықпен тасымалдауға тура келген.
Осылайша, бір үйір жылқы аман-есен жағаға шығарылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында құтқарушылар жардан құлаған жылқыны судан шығарып алғанын жазған едік.
Сондай-ақ БҚО-да құтқарушылар суға батып бара жатқан жылқыларды құтқарып қалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095526-zhylqyshylar-koz-zhazyp-qalgan-bqo-da-bir-uiir-zhylqa-suga-batyp-kete-zhazdady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.