Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде ханзадасын іздеген ақтөбелік келіншектер алаяқтарға алданып, сан соғып қалған

Опубликовано:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі фото: Polisia.kz

Бақыт іздеген жалғызбасты ақтөбелік қыз-келіншектер интернет-алаяқтарға тап болып, олардың әдемі сөзі мен сыйлығына арбалып, ақыры жиған-тергенінен айырылып қалуда. Полиция департаментінің киберполиция бөлімінің бастығы Галина Стырличук қыз-келіншектерді әлеуметтік желіде ер адамдармен танысқанда абай болуға шақырады, деп жазады "Диапазон".

Полиция маманының сөзінше, жалғызбасты әйелдер бақытын желіден іздеймін деп сан соғып қалады екен.

"Интернетте олар Нигерия, Америка сияқты басқа аймақтағы, басқа мемлекеттегі ер адамдармен танысады. Ол ер адамдар әйелдермен тактикалық түрде сөйлесіп, түрлі жолдармен көңілін аулап, ақыр соңында сөйлесіп жүрген әйелге құны 10 мың доллар болатын сыйлық жібергенін, бірақ ол сыйлықты алу үшін реквизиттерге нақты бір сома жіберуі керек екенін айтады", - дейді Галина Стырличук.

Оның айтуынша, ханзадасын күтіп жүрген жәбірленушілер бейтаныс адамға қомақты ақша аударады. Ақша түскеннен кейін бейтаныс ер адам барлығын бұғаттап, парақшасын өшіріп тастайды екен.

"Алданған әйел қылмыс ізін таба алмайды, өйткені қолында чек те, жазба да, басқа мәліметтер де жоқ. Құрметті әйелдер, мұқият болып, өзіңізді де, жақындарыңызды да қорғауды сұраймын", - дейді полиция маманы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095868-zhelide-hanzadasyn-izdegen-aqtobelik-kelinshekter-alaiaqtarga-aldanyp-san-sogyp-qalgan/