Алматыда екі көшенің қиылысында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жарияланған күні:
Алматыда Ганди мен Батыс Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы магистральдық құбырда жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сол себепті бұл учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматыдағы Ганди мен Батыс Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы магистральдық құбыр жоспарлы жөндеу жұмыстарынан өтеді. Осыған байланысты 4 мамырда сағат 22:00-ден 5 мамырда сағат 12:00-ге дейін бұл жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылады.
Кәсіпорын баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аталған магистральдық құбыр 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Ол аталған көшеде орналасқан жол бөлігінің астынан өтеді. Магистральдық құбырдың мерзімі әлдеқашан өтіп кеткендіктен жылу жүйесінде кейінгі бес жылда 17 рет жарылу дерегі тіркелген.
Жылу магистралін қайта құру ыстық сумен жабдықтау қызметіне еш әсер етпейді.
Еске салайық, наурызда Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жолдардың сапасыздығына қатысты пікір білдірген болатын. Ол қаланы сәуірде тазалау жоспарланғанын, одан соң жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілетінін айтқан.
Ал жол жөндеу жұмыстарына келсек, әкімнің айтуынша, биыл жалпы 500 миллион теңге, аудан әкімдіктеріне шағын жөндеу жұмыстары үшін тағы 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.
Сондай-ақ қазақстандықтар жол жөндеу барысында заңбұзушылықтар анықталса, смартфон арқылы үстінен шағым түсіре алатыны хабарланған. Жүргізушілердің көлігі шұңқыр салдарынан бұзылған жағдайда тіпті өтемақы алу мүмкіндігі қарастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096111-almatyda-eki-koshening-qiylysynda-kolik-qozgalysy-uaqytsha-toqtatylady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.