jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астананың екі көшесінде жол уақытша жабылады

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Брусиловский мен Титов көшелеріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Брусиловский көшесінің Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскесінде 5-6 мамыр аралығында қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Сондай-ақ Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Титов көшесіндегі жол жабынына жөндеу жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 5-6 мамыр аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Астананың екі көшесінде жол уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.