Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде бала сырғанаққа қыстырылып қалды

Опубликовано:

Балалар алаңы
Сырғанақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскеменде төрт жасар бала ойын алаңында ойнап жүріп, сырғанақ құрылымының арасына аяғын қыстырып алып, өздігінен шыға алмады. Баланың ата-анасы құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖМ Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Өскеменде төрт жасар бала аулада ойнап жүріп, сырғанаққа аяғы қыстырылып қалған. Ата-анасы құтқарушыларды шақырды.

"ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен құрылымды ашып, баланы темірдің арасынан босатып алды", - делінген хабарламада.

ТЖ қызметінің мамандары атап өткендей, бала құтқару операциясы кезінде өзін тыныш ұстап, үрейге бой алдырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096402-oskemende-bala-syrganaqqa-qystyrylyp-qaldy/

pixel