Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамырда Қазақстанның үш өңірінде құрғақшылық болады: Қазгидромет болжамы

Опубликовано:

Құрғақшылық
Құрғақшылық. Көрнекі сурет: pexels.com

"Қазгидромет" РМК мамандары мамыр айына арналған құрғақшылық болжамын жасады: еліміздің үш облысында ылғал тапшылығы күтілуде. Бұл туралы мемлекеттік метеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" сайтының хабарлауынша, сәуір айында жауған жауын-шашын мен болжамды ауа райы жағдайын ескере отырып, Қазақстанда құрғақшылық қаупі бар аймақтардың ауданы ұлғаяды.

Сонымен, метеорологтардың болжамынша, мамыр айында мына аймақтарда құрғақшылық күтіледі:

  • Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді ауданында;
  • Қарағанды облысының Шет ауданында.

Бірқалыпты ылғалды жағдай мына өңірлерде болжанады:

  • Қостанай облысының Қарасу ауданында;
  • Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;
  • Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Қобды ауданында.

Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептеледі.

Сондай-ақ 3 мамырда Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында алдағы 10 күнде құрғақшылықтың басталуы туралы ауа райына байланысты ескерту болғанын хабарлаймыз.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанның бірнеше өңірі қуаңшылыққа тап болды. Тамыз айында Жамбыл облысының диқандары құрғақшылық салдарынан егіннің үштен біріне жуығын жоғалтқаны хабарланды. Алдын ала шығын шамамен 7 миллиард теңгені құраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096483-mamyrda-qazaqstannyng-ush-ongirinde-qurgaqshylyq-bolady-qazgidromet-bolzhamy/

pixel