jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Нәтижесі басқаша болады": Хамас пен Израиль арасындағы Газадағы атысты тоқтату туралы келіссөздер Каирде қайта жалғасты

Газа секторы
Атыстан кейінгі Газа секторы. Фото: Majid Fathi/NurPhoto via Getty Images

ХАМАС делегациясы сенбі күні Каирге келді. Мұнда Газада атысты тоқтату және израильдік тұтқындарды босату туралы келіссөздер қайта басталған болатын. Келіссөздер бірнеше ай бойы арагідік үзіліспен жүріп жатыр, бірақ дереккөздердің хабарлауынша, қазір тараптар келісімге келуге жақын.

"Бүгінгі нәтиже басқаша болады. Біз көптеген тармақ бойынша келісімге келдік, енді тек бірнеше пункт қалды", - деп хабарлады Reuters агенттігіне сілтеме жасаған мысырлық дереккөз.

ХАМАС өкілдері кеше олардың делегациясы Мысыр мен Катардың арадағы келіссөздерге "жағымды көңіл күймен" барғанын айтты. "Біз палестиналықтардың талаптарын қанағаттандыратын келісімге қол жеткізуге бел байладық", - делінген хабарламада.

Келіссөздермен таныс палестиналық шенеунік те Reuters агенттігіне берген пікірінде сақтықпен оптимизм білдірді.

"Бұл жолы жағдай жақсырақ, бірақ келісімге қол жеткізу үшін Израильдің жақсы ұсыныс беруіне байланысты", - деді агенттікке аты-жөнін атамауды сұраған шенеунік.

Осы аптада Израиль ХАМАС-пен бітімгершіліктің жаңа шарттарын ұсынды, оны АҚШ "өте жомарт" деп атады. Енді оларға Палестина тобы жауап беруі керек.

Делдалдар, соның ішінде Каирге келген Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс, сектордағы соғыс қимылдарын тоқтата тұруға және Израильдің мәліметтері бойынша Газадағы ХАМАС-тың қолында қалған 133 кепілге алынған адамды босатуға мүмкіндік беретін келісім жасасуға тырысуда (бұл адамдардың кем дегенде 30-ы қайтыс болды деп болжануда).

"Нәтижесі басқаша болады": Хамас пен Израиль арасындағы Газадағы атысты тоқтату туралы келіссөздер Каирде қайта жалғасты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.