jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ұлы Абайдың жиені, журналист Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті

Балтабек Ерсәлімов
Балтабек Ерсәлімов. Фото: t.me/madenietaqparat

Белгілі өлкетанушы, журналист, Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов дүниеден озды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өлкетанушы Балтабек Ерсәлімовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады", - делінген хабарда.

Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Еңбек ардагері", "Тыңға 50 жыл" медальдарының, "Құрмет" орденың иегері.

Филолог Балтабек Ерсәлімов Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал тигізген. 1992 жылы "Абай" журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген "Абайдың ақын шәкірттері" деген жинақтың жауапты шығарушысы.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Балтабек Ерсәлімовтің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Ұлы Абайдың жиені, журналист Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.