Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтты
Жарияланған күні:
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы қинап өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін сотта сотталушылар соңғы сөзін айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін, 10:00-де басталды. Сот отырысының онлайн- трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көруге болады.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге Бишімбаевтың туыс інісі, "Гастро орталық" директоры Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096708-bishimbaev-soty-onlain-transliatsiia-bastaldy/