jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

ИЛ-86 ұшағымен ұшуды алғаш игерген қазақ ұшқышы дүниеден озды

Ермек Абдраманов
Ермек Абдраманов : Азаматтық авиация комитеті

Азаматтық авиация ардагері, Құрметті авиатор – Абдраманов Ермек Сансызбайұлы 84 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Ермек Сансызбайұлы Ресей халықаралық көлік академиясының академигі, Азаматтық авиация академиясының профессоры, "Қазақстан Әуе жолы" әуе компаниясының вице-президенті, Азаматтық авиация академиясының проректоры қызметтерін атқарды. Ол ИЛ-86 ұшағымен ұшуды игерген алғашқы қазақ ұшқышы болды.

Азаматтық авиациядағы 36 жылдық адал қызметі және академиялық жетістіктері үшін үкіметтік наградалармен марапатталған.

"Орны толмас қайғыға байланысты ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұжымы атынан марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", -делінген хабарламада .

ИЛ-86 ұшағымен ұшуды алғаш игерген қазақ ұшқышы дүниеден озды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.