jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Астана орталығында бұқа қуған полицейлердің видеосы тарады

Астанадағы жағдай
Астанадағы жағдай. Фото: nstagram.com/levy_bereg_astana

Астана орталығында бұқаны қуған полицейлердің видеосы тарады. Тәртіп сақшыларына қала тұрғындары да көмектесуге тырысқан.

Instagram-дағы Levy_bereg_astana парақшасында 6 мамырда Астана қаласының орталығында түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан полиция қызметкерлері мен бірнеше азамат көшеде келе жатқан бұқаны ұстауға тырысқанын көруге болады. Алайда олар жануарды ұстай алмайды.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері жануар ақыры ұсталғанын хабарлады.

"Малды "Байқоңыр" ауданының учаскелік полиция инспекторлары ұстады. Бұқа жүк тиеу кезінде Брусиловский көшесіндегі үйдің ауласынан арқанмен байланып тұрған кезінде қашып кеткені анықталды. Полицейлер көшеде жүгіріп жүрген жануарды ұстап алып, өтіп бара жатқан адамдарға, әсіресе балаларға қауіп төндірмеу үшін жедел әрекет етті", - делінген жауапта.

Астана орталығында бұқа қуған полицейлердің видеосы тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.