Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінде алып кеме табылды (видео)

Опубликовано:

Каспийде табылған кеме
Каспийде табылған кеме. Фото: Lada.kz

Каспий теңізіндегі қараусыз қалған және тот басқан алып кемені желі қолданушыларының бірі видеоға түсіріп алды. Ардагер теңізшілер бұл кеме туралы айтып берді, деп хабарлайды Lada.kz.

Антон есімде TikTok қолданушысы Каспийдегі қараусыз қалған кеменің видеосын жариялады.

Кадрларда кеменің тот басқанын көруге болады. Ер адамның айтуынша, бұл екінші дүниежүзілік соғыстың әйгілі кемесі, ол қазір шіріп, бөлшектеніп жатыр.

Портал тілшілеріне ардагер-теңізшілер Каспий теңізінде ескі апаттар болғанын растаған. Олардың болжамдарына сәйкес, кеме солардың бірі болуы мүмкін.

"Олар Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар Кеңес Одағы кезінен бері бар. Әскери-теңіз күштері кемеден оқ ату үшін жаттығуларда қолданылған. Бұл кемелер теңіз нысаны ретінде пайдаланылды. Бұл кемелер 70-80-жылы қолданылған", - деді ардагерлер.

Бұл фактіні "SSI Ақтау" дайвинг-орталығының директоры Олег Морозов та растады.

"Бұрын КСРО-да полигон болған. Жойылған кемелерді зымырандармен атқылаған. Содан кейін браконьерлер шекарашылардан жасырынып жүрген. Бізде тіпті 1881 жылы салынған ағайынды Нобельдердің су басқан пароходы бар", - деді Олег Морозов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097569-kaspii-tengizinde-alyp-keme-tabyldy-video/

pixel