jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Нөсер жаңбыр және 32 градусқа дейін ыстық: демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

жаңбыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанып отыр. Алайда күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Иран аймақтарынан келетін фронтальды бұлт өрісі елдің батыс өңірін қамтиды. Мұнда күн күркіреп, нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Фронтальды аймақтар республиканың шығысына қарай жылжитындықтан, бұған қоса Ақ теңізден фронтальды аймақтардың басып кіруімен солтүстік, орталық облыстарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Температура біртіндеп 22-27 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және шығыс облыстарда да тұрақсыз ауа райы күтіледі – найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады. Дегенмен, күндіз термометр бағандары бірте-бірте 20-32 градусқа дейін көтеріледі.

Нөсер жаңбыр және 32 градусқа дейін ыстық: демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.