Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәстүрді дәріптеген ел анасы

Опубликовано:

Зейнеп Ахметова
Зейнеп Ахметова. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Шуақты күндер" кітабымен оқырманға, батыр Бауыржан келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова шырайлы қаламызға келді. "Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін" деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алып, алдымен даңқты Бауыржан атамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Ұлттық дәстүрімізге қайшы әдеттерді қатаң сынап, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл аударатын Зейнеп апамен "Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі" тақырыбында Жастар ресурстық орталығында кездесу ұйымдастырылды.

Зейнеп Ахметова
Зейнеп Ахметова. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Жиынға мектеп оқушылары, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, педагогтер мен өзге де сала қызметкерлері қатысты. Әсіресе кездесуге келген жастар қарасының көптігі қуантты.

Зейнеп Ахметова
Зейнеп Ахметова. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Сырласу кешін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашты. Ел анасы жиналған көпшілікпен екі сағаттан аса емін-еркін сырласып, естеліктері мен ғибратты, өнегелі әңгімелерін атып берді. Халықтың рухани әңгімені сағынғанын соғылған шапалақтар білдіріп тұрды.

Бауыржан Момышұлының ескерткіші
Бауыржан Момышұлының ескерткіші. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Апаға сұрақ орнына алғыс айтылды. Кеш соңында жақсының көзі, асылдың сынығы Зейнеп апамызға шапан жабылып, гүл шоқтары жауды.

Сахнадағы Зейнеп Ахметова бейнесі
Сахнадағы Зейнеп Ахметова бейнесі. Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Осы ретте айта кетейік, алдағы уақытта Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен қолға алынған "Қайырымды қала құндылықтары" жобасы аясында түрлі саланың танымал өкілдерімен кездесулер сериясы тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098562-dasturdi-dariptegen-el-anasy/