Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен жастар марапатталды

Опубликовано:

Белсенді жастар
Белсенді жастар. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

10 мамырда Ақтөбеде жарияланған төтенше жағдай кезінде көмек көрсетіп, белсенділік танытқан жастар марапатталды.

10 мамырда Ақтөбенің жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы көлемінде жарияланған төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен белсенді жастарды марапаттау кеші өтті.

Марапаттау кеші А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің "Номад" фольклорлық ансамблінің "Шаңды жорық" күйімен басталды.

Қала әкімі Азамат Бекет белсенді қала жастарын тәулік бойы көз ілмей, тұрғындарға қызмет көрсеткен еңбектеріне шынайы ризалығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, естелікке сыйлықтар табыс етті.

Іс-шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Нұрлыбекқызы және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Маслихат төрағасы төтенше жағдай кезінде аянбай еңбек еткен жастарды марапаттарымен құттықтап, өз алғысын білдірді. Кеш соңында елімізге танымал әнші, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір "Біргеміз" және "Көк тудың желбірегені" әнін орындады.

Іс-шараға қатысушылар арнайы жайылған дастарханнан ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдірді. Оған 100-ге жуық қала жастары қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098694-aqtobede-totenshe-zhagdai-kezinde-komek-korsetken-zhastar-marapattaldy/