Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды

Жарияланған күні:

Жағалауды тазалау жұмыстары
Жағалауды тазалау жұмыстары. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Қызылорда облысындағы Сыр өңірінде "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды. Акция кезінде облыста көгалдандыру жұмыстары өтіп, өзен, көл, жағалаулар қоқыс пен қалдықтардан тазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылған.

Көгалдандыру жұмыстары
Көгалдандыру жұмыстары. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Мөлдір бұлақ" апталығы аясында 20 мыңнан астам адам, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, тұрғындар қатысып, барлығы 245 техника жұмылдырылды.

Тазалық апталығы аясында облыстағы «Сырдария» өзенінің жағалауы, «Аққұмшық» жағажайы, "Кәрібөгет" көпірі, "Лайкөл", "Қамбаш", "Жалаңаш", "Шөмішкөл", "Райым", "Тұщы", "Иіркөл", "Қараөзек", "Әлімкөл", "Жаманкөл" көлдерінің және "Қалғандария", "Елтай", "Шіркейлі", т.б. су арналарының жағалауларын қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Көгалдандыру жұмыстары
Көгалдандыру жұмыстары. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жалпы экоакция апталығы аясында су айдындары мен аяқсу арықтары 40 тоннадан астам қоқыстан тазартылды.

Өзен жағалауын тазалау жұмыстары
Өзен жағалауын тазалау жұмыстары. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуірден бастап су тасқыны болмаған аймақтарда көгалдандыру және санитариялық тазалыққа бағытталған "Таза Қазақстан" акциясы жүзеге асып жатыр.

Бұл ретте "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында облыс әкімі Н. Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ тұрғындарын белсенді қатысуға шақырған үндеуі жарияланып, облыс бойынша санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар
"Таза Қазақстан" акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098790-qyzylordada-moldir-bulaq-aptalygy-qorytyndylandy/