Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ пен найзағай: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pixabay.com

Ертең, 13 мамыр күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Осыған байланысты "Қазгидромет" бірнеше аймақта дауылдық ескерту жариялады.

13 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

Ертең Алматы облысының және Алматы қаласының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с болады.

13 мамырда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с болады. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел ұйытқиды. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

13 мамырда Ақтөбе облысының түнде солтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың қиыр оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

13 мамыр түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі.

Ал Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ал күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

13 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

13 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Ертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099108-burshaq-pen-naizagai-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/