jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Судағы қағаз қайық
Жаздағы жаңбыр суы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, күн суытады. Бұл туралы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін және қатты жел күшейеді.

Синоптиктердің болжамынша, 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

16 мамырдан бастап солтүстік-батыс циклон енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр.

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.