Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Білгенін істеді": тойда бауырсақ пісірген қалыңдықтың видеосы елдің ашуына тиді

Жарияланған күні:

Тойда бауырсақ пісірген қалыңдық.
Тойда бауырсақ пісірген қалыңдық. Видеодан кадр: kyn.kz

Әлеуметтік желіде тойда бауырсақ пісірген қалыңдықтың видеосы тарады. Көпшілік тойханада тірлік істеген қызға аяушылық танытып, түрлі пікір жазып қалдырды.

Әдетте тойда жас жұбайлар ата-анасына тәтті торттан дәм татырады. Ал бұл тойда қалыңдық дүйім жұрттың алдында бауырсақ пісіріп, ата-енесіне ұсынған.

Қалыңдықтың тойда тірлік істегенін көрген жұрт ашуға булығып, түрлі пікір жазып қалдырды. Олар тойда мұндай әрекет жасау қисынға сай емес екенін айтты.

"Білгендерін істеді ғой", "Ақ көйлек не болды?", "Артық кеткен сияқты", "Ұят қой", "Бауырсақты дұрыс пісірмесе, қайта апарып тастайсыңдар ма?", "Кейін де үлгереді ғой", "Ақ көйлектің мәні кетті ғой", "Май сасып жүре ме?", "Еріккендер екен", "Тойды әр қыз ханшайымдай жүруі керек. Өмірде бір-ақ рет болатын күн.", "Мейрамхана бауырсақ пісіретін жер емес қой", "Ерсі қылық", "Сәнін кетірді", "Қызға жаным ашиды" - деді жұрт.

Тойдың қай өңірде және қашан өткені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099804-bilgenin-istedi-toida-bauyrsaq-pisirgen-qalyngdyqtyng-videosy-elding-ashuyna-tidi-video/