Бишімбаев неге өмір бойына сотталған жоқ: прокурор жауап берді
Жарияланған күні:
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевқа қатысты шыққан сот үкімі жайлы пікір білдірді. Ол айыптаушы тарап дәл осындай жаза сұрағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аймағанованың айтуынша, Бишімбаевқа ең ауыр жаза тағайындалған.
"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің санкциясына сәйкес ("Адам өлтіру" – ред. ескертпесі) біз ең көп дегенде 20 жыл, ал 110-бап ("Қинау" – ред. ескертпесі) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрадық. Бұл максималды жаза. Бүгін сот та дәл осындай жаза тағайындады", - деді Айжан Аймағанова.
Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша ішінара қосу арқылы Бишімбаевқа тағайындалған жаза – 24 жыл.
"Тәжірибеге сүйенсек, соңғы 5 жылда алқабилер қатысқан сот мұндай істердің санаттары бойынша өмір бойына жаза тағайындаған жоқ", - деді Аймағанова.
Ол Қуандық Бишімбаев жазасын максималды қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтінін айтты. Қазақстанда мұндай мекеме бірнеше өңірде бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099840-bishimbaev-nege-omir-boiyna-sottalgan-zhoq-prokuror-zhauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.