Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті тек 2040 жылы бере алады
Жарияланған күні:
Үйлестіруші-судья Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қашан бере алатынын айтты. Бұл туралы сот үкімі жарияланғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Аса ауыр қылмысы үшін сотталған Бишімбаев өтінішхатты (шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы – ред. ескертпесі) жазаның 2/3 бөлігі өтелгеннен кейін, бұл 2039-2040 жылдары бере алады", - деді үйлестіруші-судья Алма Есімова.
Ол мұндай өтінішті қарау кезінде жәбірленушінің пікірі ескерілетінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099843-bishimbaev-shartty-turde-merziminen-buryn-bosatu-turaly-otinishti-tek-2040-zhyly-bere-alady/