Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабылдамаймыз": Салтанат Нүкенованың әкесі Байжановқа қатысты сот үкімі туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев
Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың әкесі 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевқа және 4 жылға сотталған Бақытжан Байжановқа қатысты сот шешіміне пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Екі дүниеде де кешірім болмайды. Біз Бишімбаевқа берілген 24 жылды қабылдағанмен, бірақ Байжановқа берілген 4 жылды қабылдамаймыз", - деді Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов.

Салтанаттың әкесі қолдау көрсеткен барша жұртшылыққа алғысын білдіріп, Қуандық Бишімбаевқа жазаның қатаңдатылуын қалайтындарға да жауап берді.

"Қолдаған барша халыққа рахмет, бүкіл әлем қолдады. Өте аз мерзім берілді дегендерге айтарым, мешітке барып, дұға тілеңіз. Құдай оған өз жазасын береді. Біз соттың шешіміне ризамыз, менің ойымша, судья әділ шешім қабылдады", - деді Амангелді Нүкенов.

Бүгін, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды, оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099855-qabyldamaimyz-saltanat-nukenovanyng-akesi-baizhanovqa-qatysty-sot-ukimi-turaly-pikir-bildirdi/