Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаев ісіндегі судья белгісіз біреулердің қорқытқанына байланысты әлі күзетпен жүр

Опубликовано:

Судья
Судья. Фото: Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша Қуандық Бишімбаевқа үкім шыққаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында судья Айжан Құлбаева әлі де күзетпен жүргені туралы айтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, судья Айжан Құлбаеваны қорқыту дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр, әзірше қандай да бір шешім қабылданғаны туралы ақпарат жоқ. Судья күзетпен жүр", - деді судья-үйлестіруші Алма Есімова.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша судья 19 сәуірден күзетпен жүр. Оған біреулер қоқан-лоқы көрсетіп қоңырау соғып, хабарламалар түскен болатын. Бұл фактіні тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды, оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ бүгін сотта Бишімбаевтың мүлкіне қатысты шешім шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099864-quandyq-bishimbaev-isindegi-sudia-belgisiz-bireulerding-qorqytqanyna-bailanysty-ali-kuzetpen-zhur/