jitsu gif

Алматы облысының тұрғындары зираттарда жерлейтін орын жоқ деп шағымданды (видео)

Зират іші
Зират іші. Фото: astanatv.kz

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары "жақынымды жерлейтін жер жоқ" деп шағымданды. Олардың айтуынша, зиратта орын таусылғанына 2 жылдан асқан. Жұрт марқұмды жер қойнына тапсыру үшін көрші ауылдарға апаруға мәжбүр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметінше, Талғарда 50 мыңға жуық тұрғын бар. Жазық жерде орналасқан елді мекенде марқұмды жерлейтін орынның табылмауы жұртты қынжылтады.

Жұрт шулап жүріп бұған дейін де әкімдікке барған. Шағымдарын айтқан. Ондағылар тау бөктерінен орын беріпті. Ал ол жерге көтеріліп, түсу оңай емес дейді тұрғындар.

"Тау 20 гектар оған жаяу адамның өзі әрең шығады, мәшине емес, машинемен апарса мүрдені көтеріп шығу керек. Тауда бір жағы еңіс, бір жағы биік көтеріп шығу үшін жан жағынан адамдар керек. Оны берген адамдар не ойлағанын білмеймін.", - дейді ауыл тұрғыны Бекей Ақтыхалықов.

Жауаптылар елді мекен аумағындағы қорымның тарылғанын мойындайды. Мәселені шешуге тырысып жатқандарын жеткізді.

"Жерде қайтыс болып жатқан адамдарды бар ғо сол жерлерде, біз бардық орны бар, Әкімге ұсыныстар айтылды, екі бейіттің ортасындағы жол 8 - 10 метр екен. Соны кішкене реттеп неғыла беруге болады.Енді осы былтыр күзде жіберілді преписаниялар. Жер ресурстарын басқару бөлімімен енді күзге дейін шешіліп қалады",- дейді Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрғали Тұрманбетов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.