Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дипломат әйелін ұрып-соқты деп айыпталды: іске қатысты ІІМ өкілі пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Карина Мамаш
Карина Мамаш. Фото: instagram.com/korgau_astana

Бұған дейін БАӘ елшісінің көмекшісі Сәкен Мамаштың әйелі одан зәбір көргенін айтқан еді. Бүгін Ішкі істер министрлігінің өкілі аталған мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жуырда БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі Карина Мамаш әлеуметтік желіде күйеуінен 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Артынша Сыртқы істер министрлігі бұл қызметкерді Қазақстанға кері шақырып жатқанын хабарлады.

Кейін Астана полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның қайда екенін айта алмаймын. Біріншіден, сараптаманың қорытындысына сәйкес шешім шығарылады. Әзірге сараптама, алынған жауаптар мен тергеу нәтижелерін қарау керек. Қазір процесуалдық шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Еске салайық, бұған дейін Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100911-qazaqstandyq-diplomat-aieline-zabir-korsetti-dep-aiyptaldy-iim-atalgan-iske-qatysty-pikir-bildirdi/