Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дипломаттың әйелі күйеуі соққыға жыққанын айтты: Астана полициясы қылмыстық іс қозғады

Опубликовано:

Карина Мамаш
Карина Мамаш. Фото: instagram.com/korgau_astana

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш "күйеуім ұрып-соқты" деген мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне қатысты басқа да мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып істейтін күйеуі әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған болатын.

"10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған және оның қасындағы балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын", - дейді әйел видеода.

Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді.

Ал 9 мамырда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098316-diplomattyng-aieli-kuieui-soqqyga-zhyqqanyn-aitty-astana-politsiiasy-qylmystyq-is-qozgady/