Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы уақыт белдеуіне қайта оралуымыз мүмкін бе : министрлік өкілі пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сағаттар
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаев мәжіліс кулуарында бірыңғай уақыт белдеуін алып тастап, бұрынғы уақыт белдеуіне қайтып келуді сұраған петиция туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Оның сөзінше, 50 мыңнан астам дауыс жинайтын болса, үкімет петицияны қарастыруы мүмкін. 

"Регламентке сәйкес біз ең алдымен петицияның нәтижесін күтуіміз қажет. Одан кейін мұны жұмысқа аламыз. Бүгінде бұл туралы айту ерте. Қазір министерліктің осыған қатысты ұстанымын айтуға болмайды. Әзірге басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданған ресми позицияны ұстанып отырмыз. Бұл мәселеге петиция аяқталған соң ораламыз, білуімше, ол заңды түрде осы жылдың желтоқсанына дейін аяқталуға тиіс", - деді ол.

Еске салсақ, осы жылдың 29 ақпанында Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100968-buryngy-uaqyt-beldeuine-qaita-oraluymyz-mumkin-be-ministr-pikir-bildirdi/