Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Гагарин даңғылының бір бөлігінің атауы не себепті өзгертіледі: мәслихат өкілдері түсіндірді

Опубликовано:

Алматы
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қалалық мәслихаты Гагарин даңғылының атауын өзгерту жобасын талқылауға шығарды. Дегенмен өзгерістер даңғылдың тарихи бөлігіне әсер етпейді. Бұл туралы мәслихаттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәслихат өкілдерінің мәліметінше, сөз Төле би көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықтағы даңғылдың гүлзар бөлігі турасында болып отыр.

Сонымен Юрий Гагарин атындағы даңғылдың Климент Тимирязев көшесімен қилысатын тұсынан басталатын бөлігін Ермек Серкебаевтың есімімен атау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру ұсынылуда.

Бостандық және Түрксіб аудандарындағы атаусыз көшелерге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцевтің есімдері беріледі.

"Тұңғыш ғарышкер, Кеңес одағының батыры Юрий Гагариннің есімімен шартты түрде "13-линия" деген көше аталды, оның негізгі бөлігі қазіргі Төле би (бұрынғы Комсомольская, 1991 жылға дейін) және Жандосов (бұрынғы Қарғалы тасжолы, 1964 жылға дейін) көшелерінің шегінде болды. Шешімді 1961 жылғы 14 сәуірдегі Алматы қалалық атқару комитеті қабылдаған болатын.

Төле би көшесінен Юрий Гагарин даңғылының негізгі, гүлзар бөлігі Жандосов көшесінде үзіліп, тек 2 кварталдан немесе 560 метрден кейін жалғасады. Сонымен қатар бұл сегментте жаяу жүргіншілер немесе басқа жолдар жоқ. Осы жағдайды, сондай-ақ қаланың өсіп келе жатқан халқын ескере отырып, заманауи қалалар жағдайында тұрғындар, қонақтар мен туристер үшін навигация күрделене түсетінін ескеру қажет.

Сонымен қатар Ермек Серкебаевтың есімін даңғылдың бір бөлігіне беру оның ерекше еңбегінің ақталғанын көрсетеді", - делінген мәслихат хабарламасында.

Гагарин даңғылының бір бөлігінің атауы қалай өзгеретіні көрсетілген сызба
Сызба: Алматы қаласы мәслихаты

Алматы қалалық мәслихатының анықтамасы

Ермек Серкебаев – Абай атындағы Қазақмемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі. Қазақ, орыс және басқа тілдердегіклассикалық және кеңестік шығармалардың көрнекті қазақстандық әншісі, халық әндерінің, романстардың және бас опера партияларының орындаушысы. 50-ден астам елде концерттер өткізді.

Оның репертуарында қазақ әндерімен қатар "Надо мной небо синее", "На безымянной высоте", "Севастопольский вальс", "Песня о Москве" сынды түрлі халықтардың да әндері болды.

Владимир Толоконников – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Алматыда шамамен елу жылдай М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жұмыс істеді. Қырықтан астам фильмге түскен өнер шебері. Юбилейная көшесінде бір кездері В. Толоконниковтың өзі отбасымен тұрған.

Ескендір Хасанғалиев – әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. "Атамекен", "Анаға сәлем", "Асыл арман", "Әдемі-ау", "Сағындым сені", "Гүл сезім" және т. б. әндердің авторы.

Юрий Померанцев – актер, режиссер, педагог, Қазақстанның Халық әртісі. Елуінші жылдардан бастап "Біздің сүйікті дәрігер" фильмінде ойнап, көрерменнің сүйіктісіне айналды.

Қаулы жобасы 28 мамырға дейін талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101082-almatyda-gagarin-danggylynyng-bir-boligining-atauy-ne-sebepti-ozgertiledi-qalalyq-maslihat-okilderi-tusindirdi/