Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалды Астанадан Алматыға жеткізілмек

Жарияланған күні:

Читать на русском
Гүлмира Сатыбалды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: "Хабар" тетеларнасы / khabar.kz

Адамды еркінен тыс ұстап, қорқытып алушылық жасады деп айыпталған Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша адвокаттардың өтінішіне қатысты шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, кеше, 15 мамырда Гүлмира Сатыбалдының адвокаты сотты жабық түрде, онлайн өткізуді сұраған, ал қарсы тарап сотталушыны Алматыға жеткізуді талап еткен. Қазір Сатыбалды Астанадағы тергеу изоляторында. Сондай-ақ прокурор мен жәбірленушінің адвокаты сотты жабық өткізуге қарсы болды.

Судья бүгін өтініштердің бәрін қарады. Сатыбалданың қорғаушысы бопсалау бойынша клиенттің ешқандай пайдакүнемдік ниеті болмағанын, ол жай ғана активтерін қайтарғысы келгенін алға тартып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.

Сонымен қатар, Сатыбалдының адвокаттарының айтуынша, заңсыз еркінен тыс ұстады деген айып расталмаған және куәгерлердің куәлігімен жоққа шығарылды. Оған қоса адвокаттар Қылмыстық-процестік кодексте көп заңбұзушылық барына байланысты істі прокурорға жіберіп, барлық тергеу әрекетін заңсыз деп тануды сұрады.

Екінші сотталушының қорғаушылары да сот ісін тоқтатуды сұраған. Алайда сот сотталушылардың бұл талап-арыздарын қанағаттандырған жоқ. Себебі, судьяның айтуынша, істің бұл сатысында ол дәлелдемелерге баға бере алмайды. Судья келтірілген дәлелдер негізгі сот талқылауында зерттелетінін ескертті.

Судья Мәртпек Кәкімжанов сот отырысын жабық және онлайн режимде өткізу туралы өтінішті қанағаттандырмаған. Ол бұлтартпау шарасын өзгертпей, Гүлмира Сатыбалдыны Астанадан Алматының тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар басты сот отырысы да қашан өтетіні белгілі болды – ол 30 мамырда сағат 10:00-де Алматы қалалық сотында ашық режимде өтеді. Алайда судья БАҚ-тың сот отырысына қатысуы мен сотқа қатысушылардың суреттерін жариялау мәселесі бөлек шешілетінін айтты.

Сот отырысы аптасына екі рет – дүйсенбіде және бейсенбіде өтеді.

Еске салайық, 15 мамырда Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот тыңдауы басталды. Ол алқабилер сотынан бас тартқан болатын.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау барысында прокурор сотталушы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты айыптау актісін оқыды. Ол бірқатар ауыр қылмыс жасады деп айыпталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101586-gulmira-satybaldy-astanadan-almatyga-zhetkizilmek/