Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Beeline Қазақстан мен QazCode GSMA мен Барселона Суперкомпьютерлік орталықпен меморандумға қол қойды

Жарияланған күні:

Матео Валеро Кортес
Матео Валеро Кортес. Фото: Beeline Казахстан

VEON Ltd. (NASDAQ: VEON, Euronext Amsterdam: VEON) конвергентті байланыс пен онлайн-қызметтерді ұсынатын жаһандық цифрлық операторы кіші тілдік топтарға жасанды интеллектіні (бұдан әрі мәтін бойынша – ЖИ) дамыту саласында ынтымақтастық мүмкіндігін зерттеу мақсатында Beeline Қазақстан GSMA мен Барселона Суперкомпьютерлік орталықпен (BSC-CNS) өзара түсіністік туралы Меморандумға (MoU) қол қойғаны туралы хабарлауға қуанышты.

Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттейді, VEON жұмыс істейтін елдердің жергілікті тілдерін қамтитын жеткіліксіз ресурстары бар тілдерге арналған тілдік модельдер мен жасанды интеллект жүйелері бойынша механизмдерді және құжаттаманы әзірлеуге ерекше мән беріп, ынтымақтастық мүмкіндігін зерттейді.

Өзара түсіністік Меморандумы M360 Eurasia көрмесі барысында төрт тарап қол қойды. Баку қаласында 15 мамырда өткен іс-шара жаһандық коммуникациялар көшбасшыларын мен саясаткерлерін екі күндік талқылау, дебаттар мен нетворкингке жинады.

Бүкіл әлемде сөйлейтін шамамен 7000 тілдердің ішіндегі жетісі ғана цифрлық әлемдегі жоғары ресурсы бар тілдер саналады: ағылшын, испан, француз, мандарин, араб, неміс және жапонс. Басқа тілдердегі ресурстардың жеткіліксіздігі ЖИ тілдік айырмашылыққа әкеледі, бұл ЖИ қосымшаларында оңтайлы емес пайдаланушылық тәжірибеге әкеледі, ЖИ модельдеріндегі теріс түсінікті күшейтеді және ЖИ технологияларда цифрлық теңсіздікті қиындату қауіпі бар.

Испанияның түрлі бөлігінде және Еуропаның Андорра мен Альгеро сияқты басқа өңірлерінде Каталан тілінде 10 миллион адам сөйлейді. Осы себеппен BSC Language Technologies бөлімшенің басым тапсырмасы цифрлық өмірдегі каталан тілінің болуына кепілдік беретін және сол уақытта осы ресурстарды сол мақсатта басқа тілдерге осы ресурстарды пайдалы ететін цифрлық ресурстарын құру болып табылады.

VEON компаниясы негізінде ресурстары жеткіліксіз тілдерде сөйлейтін әлем халқының 7% өмір сұретін елдерде ЖИ-де ресурстары төмен тілдерді пайдалануды қолдай отырып, ЖИ саласында тілдік айырмашылық проблемасын шешуге тырысады. Қазақстаннан бастап, осында QazCode - Beeline Қазақстан еншілес компаниясы Kaz-RoBERTA-conversational іске қосты – Beeline Қазақстан цифрлық қосымшаларында клиенттерге қызмет көрсетуді қолдайтын қазақ тіліндегі ЖИ модулі.

Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою (MoU)
Фото: Beeline Казахстан

"Жасанды интеллект – бұл технология тарихындағы келесі бетбұрыс және оны әмбебап интеграцияға ықпал ететіндей етіп жобалау және дамыту біздің қолымызда. Жасанды интеллект әлеміндегі ресурстарға қол жеткізудің төмен деңгейі бар тілдерді қолдану мүмкіндігі бүкіл әлемде жүздеген миллиондаған адамдарға жасанды интеллект өрісі бойынша қолданыстағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Біз Барселона суперкомпьютерімен және GSMA жұмыс істеуге қуаныштымыз", - деді бұл мәселені шешудің мүмкіндіктерін зерттеу үшін"- деді Каан Терзиоглу, VEON компаниялар тобының Бас Атқарушы Директоры.

"Beeline Қазақстан - VEON жұмыс істейтін нарықтардағы ЖИ технологиясы саласындағы жетекші оператор. Осыдан бұрын ЖИ негізіндегі қазақ тілінде шешімдерді әзірлеп, Beeline Қазақстан және Qazcode Қазақстанның ЖИ дәуіріне өтуіне байланысты туындаған проблемалар мен мүмкіндіктерді жақсы түсінеді. Біз Барселона Суперкомпьютерлік орталықпен және GSMA ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз, олар біздің қазақ тіліндегі ЖИ қосымшаларын пайдаланудың жаңа сценарийлерді дамыту жолымызға халықаралық тәжірибені қосады", - деді Евгений Настрадин, Beeline Қазақстан Бас атқарушы директоры.

"Жасанды интеллекттің дамуы тілдер арасында алшақтықты да тудырады. Оларды жою маңызды. Ол үшін біз өз біліміміз бен ресурстарымызды ұсынамыз. Aina Alliance аясындағы жұмыс дамуын жалғасуда және бізге GSMA және әүрлі операторлармен стратегиялық келісімдерге қол қоюға мүмкіндік берді. Бұл ашық бастапқыкоды бар ЖИ саласындағы тәжірибемізді халықаралық қауымдастыққа қолжетімді ету жолындағы тағы бір қадам. BSC Aina жобасының шеңберінде ашық бастапқы коды бар көптеген жиынтықтар мен модельдерді шығарды және бастапқы коды бар ЖИ ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуде көшбасшыға айналды", - деді Матео Валеро Кортес, BSC-CNS директоры.

"VEON және Beeline Қазақстанмен жоба біздің BSC-мен қызықты саяхатымыздың алғашқысы. Енді біз сан түрлі тілдерде ЖИ технологияларын қолдану мен дамытудағы алшақтықты жою үшін бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Бұл теңсіздік оқшауланған инновацияларды және цифрлық алшақтықты кеңейтуді қоса, ЖИ облысындағы тілдік алшақтықты және оған байланысты проблемаларды күшейе түседі. Aina Alliance әлем ЖИ-мен қалай алға қадам басқан кезде бір де бір тілдің артта қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылады", - деді Алекс Синклэр, GSMA технологиялары бойынша директоры.

Серіктестіктің негізгі элементі GSMA Foundry инновациялық акселераторы, бұл бастама қатысушыларға салалық қиындықтарға нақты шешімдерді жылдам әзірлеу арқылы цифрлық болашақты қалыптастыруға көмектесу үшін ұялы байланыс операторлары мен басқа технология салаларындағы өкілдерді біріктіреді.

Ынтымақтастық Aina жобасында негізделген Каталония үкіметі мен GSMA бірлескен жобасы Aina Alliance шеңберінде жүргізіледі. Үкімет жылжытатын және қаржыландыратын жоба барлық тілдердің сөйлеушілеріне цифрлық әлемде толыққанды қатысуға мүмкіндік беретін ЖИ моделдерінде кіші тілдік топтардың болуын қолдауға бағытталды. VEON осы серіктестіктің шеңберіндегі алғышқы пилоттық жоба. Енді Aina Alliance басқа серіктестерді, мобильді операторлар мен компанияларды ЖИ-дегі тілдік дефициті проблемасын шешу бойынша бірлескен күштерге қосылуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101628-beeline-qazaqstan-men-qazcode-gsma-men-barselona-superkompiuterlik-ortalyqpen-memorandumga-qol-qoidy/