Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Қазақстанның барлық облысында жаңбыр жауады деп күтілуде

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның барлық өңірінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

Оңтүстік циклон барлық дерлік аймақтарда найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде +10...+18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстікте +15...+23 градусқа дейін түседі. Тек батыс облыстарда +15...+23 градусқа дейін темрпература көтеріледі.

Бұған дейін Алматыда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеетіні, осыған байланысты ТЖД өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасағаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102276-demalys-kunderi-qazaqstannyng-barlyq-oblysynda-zhangbyr-zhauady-dep-kutilude/