Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бейәдеп сөзімен аты шыққан мектеп директорының экс-орынбасары сотталды

Жарияланған күні:

Судья
Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

Түркістан облысында бұрынғы мектеп мұғалімі алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотында желіде бейәдеп сөз айтып аты шыққан сотталушы, бұрынғы педагог У.Е.-ге қатысты сот үкімі шықты.

Облыстық соттың берген мәліметіне сүйенсек, сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында сотталушы У.Е. бөтеннің сеніміне кіріп, алдау арқылы алаяқтық жолмен ақшасын иемденгені анықталған. Сондай-ақ құқық қорғау органының қызметкерінің әрекетін видеоға жазып алып, әлеуметтік желіге жариялаймын деп бопсалаған.

Экс-мұғалімге бұл қылмыстық құқықбұзушылық әрекетері үшін Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-, 4-тармақтары және 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған.

Сот процесі барысындағы жарыссөзде прокурор сотталушы У.Е.-ге айып тағылып отырған баптар бойынша алты жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

"Сот үкімімен сотталушы У.Е.-ге Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-, 4-тармақтары және 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, бірнеше жыл бұрын Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мектеп директоры орынбасарының бейәдеп сөзді қарша боратып тұрған сәті әлеуметтік желіде таралған еді. Бұған қатысты сол кезде облыстағы тиісті ведомство өкілдері орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қойылатын біліктілік талаптары бойынша бұзушылықтар анықталғанын айтқан.

Автор: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102450-turkistan-oblysynda-beiadep-sozimen-aty-shyqqan-mektep-direktorynyng-eks-orynbasary-sottaldy/