Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:

20 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы нашарлайды деп күтілуде. Синоптиктер бірқатар өңірде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
20 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысына тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.
20 мамырда түнде кей уақыттарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, түнде тау асуларында екпіні 23 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
20 мамырда таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.
20 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 олады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
20 мамырда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында мен оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
20 мамырда Астанада найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 17-22 м/с, күндіз кей уақытта 27 м/с.
Ұлытау облысының батысында найзағай болады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
20 мамырда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103290-zhangbyr-naizagai-burshaq-qazaqstannyng-basym-boliginde-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/