jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ

Жаз мезгілі
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаумақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттардың салдарынан найзағай ойнап, бұршақ, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Сондай-ақ ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді. Тек батыс аймақтарда кей күндері жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтауы мүмкін және түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Ал оңтүстік-батыс ағындардың әсерінен күндіз ауа температурасы көтеріледі:

  • батыс, оңтүстік аймақтарда +18...+28 градусқа дейін;
  • солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда ауа температурасы +15...+23 градусқа дейін.

Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде ауа температурасы +7...+15 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.