jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы хайуанаттар бағындағы Гималай аюы басқа қалаға жеткізілді (видео)

Гималай аюы
Гималай аюы. Видеодан кадр: instagram.com/krgzoo

Қарағанды ​​хайуанаттар бағының қызметкерлері Алматыдан келген Гималай аюы Ясуридің видеосын жариялады. Қызметкерлер қоныс аударған аюдың ерекшелігі туралы айтып берді, деп хабарлайды бақтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Хайуанаттар бағы өкілдері бақ тағы бір жануарға толыққанын айтты.

"Біздің хайуанаттар бағында Ясури есімді Гималай аюы қоныстанды. Ол бізге Алматыдан келді. Ол жарма, бал қосылған нан, жемістер мен көкөністерді қуана жейді, сонымен қатар рационында Минтай балығы мен Атлант майшабағы бар", - дейді олар.

Бақтағылар Гималай аюы туралы ақпарат бере кетті.

"Гималай аюларының көп бөлігі Шығыс Азиядан келеді. Батыста ол Ауғанстанда, оған қоса Гималайдың оңтүстік беткейлерінде, Оңтүстік және шығыс Қытайда, Корей түбегінде, кейбір Жапон аралдарында кездеседі. Қиыр Шығыстың оңтүстігінде аюлар Қоңыр аюға қарағанда едәуір көптеп кездеседі.

Гималай аюы, денесінің өлшемі қоңырдан кішірек және одан арық дене бітімімен, жұқа тұмсығымен, өте үлкен құлақтарымен ерекшеленеді. Жүні қалың және үлпілдек оған қоса,түсі қара", - делінген хайуанаттар бағы парақшасында.

Сонымен қатар мамнадардың сөзінше, қоңыр аюдан айырмашылығы, Гималай жартылай ағашты өмір салтын жүргізеді – ағаштарда ол жем алады, сол жерде ол жауларынан қашады. Қыста ол ұйықтайды, шұңқырды жұмсақ ағаш түрлерінің – терек немесе Жөке ағашының қуыстарында қысқы ұйқыға кетеді. Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Алматы хайуанаттар бағындағы Гималай аюы басқа қалаға жеткізілді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.