jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Елімізде шегірткеге қарсы күреске дрондар пайдаланылып жатыр (фото, видео)

Шегірткемен күресіп жатқан дрон
Шегірткемен күресіп жатқан дрон. Фото: primeminister.kz

Түркістан облысында дрондар арқылы жер алқаптары марокко шегірткесіне қарсы өңделуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет ресми сайтында Серік Жұманғариннің Түркістан облысына жұмыс сапарынан репортаж жариялады – вице-премьер шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралады.

Сондай-ақ үкіметтің Telegram-дағы арнасында ұшақсыз аппарат жер алқаптарына белгісіз дәрі-дәрмек сеуіп жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Үкімет мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысы егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Облыста әуелі шегірткенің ең қауіпті түрі – марокко шегірткесіне қарсы белсенді күрес кезеңі басталды. Жалпы 272 мың гектар жер өңделмек. Оның 252 мың гектары 19 мамырға дейін өңделген, бұл өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің 93 пайызы. Қалған 20 мың гектарда жуырда өңдеу жұмыстары аяқталуы мүмкін.

Марокко шегірткесі
Шегіртке. Фото: primeminister.kz

Өңірдегі үлкен алқаптарды өңдеу жұмыстарына 360-тан астам адам жұмылдырылған. Олардың қатарында Түркістан және басқа да облыстардың аудан-қалаларынан келген инспекторлар, мамандар, болжау орталығының қызметкерлері, сондай-ақ мәселеге бейжай қалмаған жергілікті тұрғындар да бар. Жұмыстар жаяу, көлікте, ұшақтар мен дрондар арқылы жүргізіліп жатыр. Жалпы 162 мың га жерден, 107 мың га ауадан, 1 мың га рюкзак түріндегі бүріккішпен, 1,4 мың га дрондар арқылы өңделіп жатыр.

"Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы өңдеу механизмдері мен әдістерін зерттеп, зиянкестерге қарсы жұмыстардың барлық циклін жүргізетін мердігерлермен препараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу жұмыстары жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, Түркістан облысында бүкіл қызмет циклін бір мердігердің көрсетуі пилоттық жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр. Келер жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін орталықтандырылған бірыңғай жүйеде сатып алуға көшу жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Елімізде шегірткеге қарсы күреске дрондар пайдаланылып жатыр (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.