jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

Биыл елімізде соңғы қоңырау соғыла ма: оқу-ағарту министрі жауап берді

Ғани Бектаев фото
Ғани Бектаев: Фото: Видеодан скрин

Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаев үкімет отырысында елімізде 3,8 млн оқушы білім алып жатқанын, ал биыл мектепті 186 мың бала бітіретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ал бастауыш сыныпты 374 мың, тоғызыншы сыныпты 341 мың бала аяқтап отыр.

"Биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты 374 мың, негізгі мектепті 341 мың бала бітіреді. Ал 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады. "Алтын белгіге" үміткерлердің саны – 7 704",- деді ол.

Сондай-ақ министр Соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы 25 мамырда, аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленін атап өтті.

"Мектеп түлектеріне арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты іс-шарасы 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр 11 маусым аралығына белгіленді", - деді ол.

Сондай-ақ биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі.

Биыл елімізде соңғы қоңырау соғыла ма: оқу-ағарту министрі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.