jitsu gif branding logo appbranding logo app

Медицина ұйымдары мен балалар үйінің қызметкерлері тастанды нәресте туралы хабарламағаны үшін жазалануы мүмкін

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс хабарына сүйенсек, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Оған сәйкес Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.