jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға 120-дан аса киіз үй тігілді

Киіз үйлер
Фото: aikyn.kz

"Салиқалы ұрпақ" қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек ретінде киіз үйлер жіберді. Халықтың сұранысына орай сатып алынған жылу Арқалық қаласына қарасты  Екідің  және  Қызыл жұлдыз елді мекендеріне жөнелтілді.

Қостанай өңіріндегі бұл ауылдарды су басып, үйлер қирап, шарасыз қалған халық түгел көшірілген еді. Сондықтан  "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының мүшелері жергілікті тұрғындардың жанайқайын тыңдап, қандай мұқтаждық басым екенін біліп, жағдайды көзбен көру үшін осы ауылдарға арнайы барған еді. Уақытша паналайтын киіз үй сұраған халықтың тілеуі көп ұзамай орындалды. 

"Су тасқынының салдарынан тірнектеп жинаған барлық дүние-мүлкінен, малынан айырылған халықтың жағдайы әлі күнге дейін күрделі екеніне көзіміз жетті. Тұрғындардың көпшілігі паналайтын орын таппай қиналып отыр екен. Сондықтан көптің тілеуі – киіз үй болды. Біз, яғни "Салиқалы ұрпақ" қоры жиналған халыққа уәде етіп, бірден тапсырыс бердік. Тапсырысымыз уақытында дайын болып, мінеки, бүгін киіз үйлерді ауыл ішіне құрып, халыққа табыстадық, сөзімізде тұрдық. Бастысы, киіз үйлердің сапасына мән бердік. Барлығы талапқа сай жасалды. Жергілікті халық ризашылығын, шексіз алғыстарын білдіріп жатыр. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді ғой. Сондықтан  қандай қиыншылық болса да, халықпен бірге болайық", – деді "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков.

Киіз үйлер
Фото: aikyn.kz

Су тасқыны кезінде Арқалық қаласына қарасты  Екідің  және  Қызыл жұлдыз  ауылының тұрғындары тікұшақтың көмегімен қауіпсіз аймаққа, Арқалық қаласындағы эвакуациялық пункттерге көшірілген еді. Жалпы, қала аумағындағы су басқан ауылдарда 87 үй, ал тек Екідің ауылының өзінде 38 баспана тұруға жарамсыз деп танылған. Бүгінде жаңа үйлердің құрылысы басталып, халыққа бірте-бірте өтемақы төленіп, шығын өтеліп, кәсіпкерлер тарапынан да тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға 120-дан аса киіз үй тігілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.