jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада алтыншы аудан құрылады: мәслихат отырысында жаңа аумақтың картасы көрсетілді

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Астана қаласы мәслихатының отырысында депутаттар елорданың жаңа алтыншы ауданын құруға дауыс берді. Қазіргі Алматы ауданын екіге бөлінеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов атап өткендей, Алматы ауданы 15,4 мың гектар аумақты алып жатыр. Оның сөзінше, аталған аудан — 390 мың адам тұратын, елорданың ең тығыз қоныстанған және ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі.

Болжам бойынша 2035 жылға қарай бұл аумақта 650 мың адам тұрады. Сондықтан астаналықтардың жайлы өмір сүруі үшін ауданды екі бөлу бөлу ұсынылды.

"Ауданы 8,15 мың гектар солтүстік бөлік өзінің тарихи атауын сақтайды. Бөлінгеннен кейін ауданы 6,95 мың гектар аумақ болатын оңтүстік бөлік жаңа әкімшілік аудан болады.

Мәслихатта жаңа ауданның картасы көрсетілді – ол көк түспен белгіленген, Алматы ауданымен бірге қалатын аумақ қызғылт сары түспен белгіленген.

Алматы ауданы картасы
Алматы ауданы картасы. Скриншот: facebook.com/maslihat.astana.kz

Жиын соңында Астана қаласы мәслихатының депутаттары жаңа аудан құруға дауыс берді.

Астанада алтыншы аудан құрылады: мәслихат отырысында жаңа аумақтың картасы көрсетілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.