jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Семейде жаңа көпірді салып жатқан құрылысшылар екі күннен бері жұмысқа шықпай отыр

Семейдегі көпір құрылысы
Семейдегі көпір құрылысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Семейде Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылар наразылық танытты. Олар екі күннен бері жұмысқа шыққан жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Себебі 150 құрылысшы екі айдан бері маңдай тер еңбек ақыларын алмағанын айтады. Одан бөлек жұмысшылардың медициналық сақтандыруы мен зейнетақы қорына да төлем түспеген. Енді бел жазбай жұмыс істегендер облыс әкімдігін айналшықтаумен жүр.

"Көпір құрылысының басынан бастап осындамын. Енді наурыз айынан бері жалақыны бермей отыр. Зейнетақы қоры, медициналық сақтандыруғада ақша аудармайды. Балалардың бәрі үйлеріне ақшасыз барып, ақшасыз келеді. Талап ететініміз ақша", - деді дәнекерлеуші Ұлтан Ниязбеков.

Жалақысын ала алмай жүргендердің арасында Астана, Тараз, Шымкенттен келген құрылысшылар да бар. Олар жаңа көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге тартылған.

Облыс әкімдігіндегілер құрылысшылардың жалақы дауын шешіледі деп. Олардың айтуынша, көпірдің құрылысы 30 млрд теңге деп бағаланған. Ал бұл қомақты қаржы ел қазынасы мен облыстық бюджеттен бөлінуге тиіс. Алайда шенеуніктер мемлекеттік қазынадан қаражат кешігіп жатыр дейді.

жаңа көпір құрылысы
Салынып жатқан көпір. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Облыстық бюджеттен қаржы 100 пайыз аударылды. Ал мемлекеттік бюджеттен ақша кешігіп жатыр. Бұл қаржы маусым айында түсуі керек. Бүгінде жұмысшылар алдындағы берешек 67 млн теңгеден асады", - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Сондай-ақ облыстық әкімдік құзырлы органдардың тексеріс жүргізетінін жеткізді. Олар медициналық сақтандыру мен зейнетақы қорына неге ақша аударылмағанын анықтамақ. Ал жұмысшылар қолдарына еңбекақылары тигенше техникаларын қаңтарып қоймақ ниетте.

Айта кетейік, Ертіс арқылы өтетін төрт жолақты жаңа көпірдің құрлысы 2022 жылы басталған. 2025 жылы құрылысы толық аяқталып қолданысқа берілуге тиіс.

Автор: Елжан Нұрболатов

Семейде жаңа көпірді салып жатқан құрылысшылар екі күннен бері жұмысқа шықпай отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.