jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қызылорда-Ұлытау тасжолының құрылысы неге созылып кетті: көлік министрінің жауабы

    Тасжол
    Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәжіліс кулуарында көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда-Ұлытау тасжолының құрылысы неге созылып кеткенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Минстрдің сөзінше, отандық компаниялардың жол құрылысы жұмыстары конкурсына қатыса алуы үшін жобаны қаржыландырушы Азия Даму банкімен келіссөздер жүргізілген.

    "Қызылорда жағында жұмыс жақсы келе жатыр. Ұлытау жағында биыл жобаның құрылысы басталады. Неге енді ғана басталады? Сол мәселеге тоқталсақ, жолдың қашықтығы – 200 километр. Жобаны Азиялық Даму банкі қаржыландырады. Отандық компаниялар жол құрылысын жүргізу конкурсына қатысуы үшін Азиялық даму банкімен бірнеше келісім жүргіздік.

    200 км жолды бірнеше учаскіге бөлуді қарастырдық. Өйткені 200 км жолды бір компания жасасын дейін десек, біздің компаниялардың қаржылық мүмкіндігі жоқ, сәйкесінше тендерге қатыса алмайды. Осы себепті біз бірнеше учаскеге бөлдік.

    Свежая публикация по теме:
    Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

    Осы келіссөздер біздің тарапымыздан, банк тарапынан уақыт талап етті. Барлық процедураларды жүргіздік, конкурсты өткіздік. Енді жеңімпаз анықталды. Осы себепті құрылыс бастау мерзімі созылып кетті", - деді Марат Қарабаев.

    Қызылорда-Ұлытау тасжолының құрылысы неге созылып кетті: көлік министрінің жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.