jitsu gif branding logo appbranding logo app

Yandex Qazaqstan Карты-ға Қазақстан қалаларының жаңа панорамаларын қосты

Жаңа панорамаларын қосты
Сурет: Yandex Qazaqstan

Қазақстан, 27 мамыр, 2024 жыл. Яндекс Карты қызметінде Алматы және Астана панорамалары жаңартылды. Панорамалар соңғы рет бір жыл бұрын үлкен жаңартудан өткен болатын, қазір енді содан бері салынған нысандарды көруге болады. Мысалы, Астана қаласының Тәуелсіздік даңғылы бойындағы сегіз жолақты көпір. Сондай-ақ алғаш рет панорамаларда Балқаш, Есік, Қонаев, Талғар, Щучинск қалалары мен Қарғалы, Ұзынағаш, Шамалған ауылдарының көшелері пайда болды.

Көшелердің панорамалары шатырында төрт камерасы бар панорамомобиль арқылы түсірілді. Түсірілім шамамен екі айға созылды, нәтижесінде шамамен 185 000 панорамалық сурет түсірілді. Бұл — 5600 шақырымнан астам көшелер мен жолдар.

Панорамалық суреттер бейтаныс бағытты алдын ала зерттеуге, кіреберістердің нөмірлерін және ұйымдардың жұмыс уақыты көрсетілген тақтайшаларды қарауға немесе жай ғана көшелер мен көрікті жерлерде виртуалды түрде серуендеуге көмектеседі. Мысалы Балқаш көлін жағалап жүруге немесе Қонаевқа кіріп, еліміздегі ең үлкен өзендердің бірі — Ілені көруге болады.

Жаңа панорамаларын қосты
Сурет: Yandex Qazaqstan

Сондай-ақ ең соңғы қосылған панорамалар Яндекс Карты қызметіне жүргізушілер үшін навигацияны жақсартуға көмектеседі. Компьютерлік көру арқылы жол белгілері, жол сызықтары, бағдаршамдар және басқа мәлімет суреттерден оқылып, картаға қосылады. Осылайша жүргізушілерге қандай жылдамдықпен жүру, қайда бұрылу немесе қай жерде жылдамдақты азайту ​​керектігін дәлірек айтып отырамыз.

Смартфонда панорамаларды көру үшін екі шаршысы бар белгішені басу керек. Ол басты экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан. Ашылған тізімнен "Панорамалар" қабатын таңдаңыз болғаны, картада көк сызықтар пайда болады. Олардың кез келгенін басу арқылы керек орынды барлық жағынан көруге болады.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play немесе App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.