jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада мектеп оқушысы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды

Баланы құтқарған астналық оқушы
Баланы құтқарған астналық оқушы. Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, №52 мектеп-гимназиясының 11 "А" сынып оқушысы Марлен Көшербай елордалық үйлердің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

12 мамырда сағат 11.00 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтқн.

Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алған.

"Марлен Көшербай – оқуының үздігі, спортпен тұрақты айналысады. Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Астананың ашық біріншілігінде 55 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған, сол сияқты "Аршалы Барысы" турнирінің ІІ орын иегері. Бала кезінен көкпар спортына қатысады", - делінген хабарда.

Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты.

Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен ТЖ департаментінің атынан марапатталды.

Астанада мектеп оқушысы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.