jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында лауазымды шенеунік сотталды

Костюмдегі ер адам
Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар облысында ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы 3 жылға сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, Ертіс ауданында прокурорлық тексеріс бойынша ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды.

"Оң қорытынды алу үшін жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған.

Атап айтқанда, елді мекендер жерлерінің санаты қосалқы және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстырылған", - делінген хабарда.

Салдарынан мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді, сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануында.

Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

22 мамырында сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Павлодар облысында лауазымды шенеунік сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.