jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Астананы айнала полиция бекеттері қойылды

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астананың периметрі бойынша түрлі бағыттар бойынша 8 стационарлық полиция бекеті қойылды. Тәртіп сақшылары азаматтардың құжаттарын тексереді, деп хабарлайды ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу үшін қала аумағында Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар бағыттары бойынша 8 "Рубеж" стационарлық полиция бекеттері, сондай-ақ Қорғалжын, Тайтөбе, Балқарағай, Астраханка бағыттары бойынша бекеттер қойылған.

"Бекеттерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың құжаттары мен автомобильдерді тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді. Кіру және шығу бойынша шектеулер қарастырылмаған", - деді KAZ.NUR.KZ тілшісіне елордалық ПД өкілдері.

Астананы айнала полиция бекеттері қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.